Accessibility links

НАТО Ресейді Украинадан әскерін әкетуге шақырды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресейді Украинадан әскерін алып кетіп, бұл елдің ішкі ісіне араласудан бас тартуға шақырды. Андерс Фог Расмуссен бұл туралы кеше Брюссельде НАТО-ға мүше 28 елдің елшілері қатысқан төтенше жиында мәлімдеді.

Сегіз сағатқа созылған кездесуде альянс екі жақты "мәселені тез арада диалог арқылы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі немесе ЕҚЫҰ бастамасымен халықаралық бақылаушылардың қатысуы арқылы шешуге" шақырды.

Кеше жиыннан бұрын Расмуссен Ресей Украинаның Қырым автономиялық республикасына әскерін жіберуі "Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді, Мәскеу әскери әрекеттерін дереу тоқтатуы тиіс" деген.

1 наурыз күні Ресейдің федерация кеңесі бірауыздан Ресей қарулы күштерін Украина территориясында пайдалану туралы Путиннің ұсынысын қолдады. Ресей президенті Владимир Путин федерация кеңесінен "жағдай тұрақтанғанша Украина территориясында әскер пайдалануға" рұқсат сұраған еді. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - федерация кеңесі спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, қаулы қабылданған мезеттен бастап күшіне енген.
XS
SM
MD
LG