Спорт жанкүйері Әли Кемелов 2011 жылғы Азия ойындарында 32 алтын алған Қазақстан Сочиден кем дегенде бір алтын алады деп топшылаған. Ол шаңғышы Алексей Полторанин мен конькиші Денис Кузиннен алтын алады деп букмерлік кеңсеге бәс те тігіпті. Бірақ оның үміті ақталмады.
«Азия ойындарында алған көп алтынды олимпиаданың бір алтынына теңестіре алмадық. Қазақстанда қысқы спорттың дамуына ақша да көп бөлінді. Азия ойындарының нәтижесін Сочиде көреміз деп ойлап едік. Азиадаға кеткен қаржы мен спорт кешендері спортшыларға еш көмек болған жоқ» дейді жанкүйер.
«ҚАРЖЫ ЖЕЛГЕ КЕТТІ»
Олимпиада алдында Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі «Сочидегі нәтижеміз Ванкуверден жоғары» болады деп мәлімдеген. 2010 жылы Ванкуверде Қазақстан бір күміс алса, Сочиде бір қола жүлде иеленді.
«Біз Азиада үшін салынған ғимараттарды ұтымды түрде пайланып жатқан жоқпыз. Шаңғы-биатлон базасы, мұз айдыны, трамплині бар елдің олимпиадада бір қоламен шектелуі тоқыраумен тең. Қола алған Денис Теннің өзі АҚШ-та жаттығады. Демек Азиада үшін және соған салынған ғимараттарға бөлінген қаржы желге кетті деуге болады» дейді тағы бір спорт жанкүйері Қайсар Ахметов.
Азиада үшін салынған ғимараттар халық үшін қолжетімді емес екені бұрыннан айтылып келе жатыр. Мәселен, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы хоккей ойнауға арналған кіші залды бір сағатқа жалға алу 48 мың теңгеден жоғары. Солдатсайдағы шаңғы-биатлон базасында Азиададан кейін тек төрт ірі жарыс ұйымдастырылды. Табағандағы фристайл спортына арналған базада Азиададан кейін бірде-бір жарыс өткен жоқ.
Қазақ туризм және спорт академиясының ректоры Қайрат Закирьяновтың ойынша, қолда бар кешендерде жас спортшылардың жаттығуы тегін жүруі тиіс.
«Қазақстанда қысқы спортқа арналған барлық кешен бар. Бірақ олардың бағасы қалта көтермейді. Алматыдағы трамплин кешенін бір күнге жалға алу құны – 10 миллион теңге, ал Балуан Шолақ спорт кешенінің үлкен залын жалға алу үшін 12 миллион теңге керек. Мұндай ақшаны кім табады? Келесі олимпиада ойындарында жүлде көп аламыз десек, үкімет спорт кешендерінің жұмыс істеу жүйесін қайта қарау керек» дейді маман.
«САЛЫСТЫРУҒА КЕЛМЕЙДІ»
Ал Сочи олимпиадасына арнайы барған спорт журналисі Амангелді Сейітхановтың пайымдауынша, Азиада мен олимпиаданы салыстыруға келмейді.
«Қазақстан негізі 4-5 медаль алуға шамасы жететін еді. Бірақ олимпиадада қар дұрыс болған жоқ. Оны өз көзіммен көрдім, қолмен ұстадым. Шаңғышыларымызға қар кедергі болды. Ал фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхардтың өнерін төрешілер дұрыс бағалаған жоқ деп ойлаймын. Олимпиада мен Азиадада бәсеке мүлде бөлек. Азия ойындарында бәсеке тек Қазақстан, Қытай, Жапония мен Оңтүстік Корея арасында ғана өтеді. Ал олимпиаданың жүлдесіне 50-ден астам ел үмітті боп келеді» дейді спорт шолушысы.
Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев Сочиде журналистерге берген сұхбатында «спортшыларымыз қолдарынан келгенін жасады. Нәтижені алдағы уақытта арнайы коллегияда кеңінен талқылаймыз» деді.
Азаттық тілшісі қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасына хабарласқанда Алматыдағы спорт кешендері әкімдіктен бөлек екендігін және олар жалға алу бағасын өздері белгілейтінін айтты.
Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының әкімшілігі жалға алу құнының бағасы жарық, су, электр энергиясының шығындарын ескеріп барып белгіленгенін хабарлады. Басқа аты аталған спорт кешендерінің әкімдіктерінен жауап алу мүмкін болмады.
Қазақстан 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен Азиаданы ұйымдастыруға 1 миллиард 650 миллион доллар шығындаған. Бұл сома қысқы олимпиада ойындарын өткізген Италия (2006) мен Канада (2010) жұмсаған қаржымен шамалас.
Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің мәліметі бойынша, спортшылардың Сочидегі олимпиада ойындарына дайындығы үшін бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Азия елдерінің 2011 жылы Азия ойындарында (жоғарғы кесте),
2014 жылы Сочи олимпиадасында (төменгі кесте) алған жүлделері