Accessibility links

Ресей қор нарықтарында құлдырау басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің қор және валюта нарықтарында құлдырау басталды. Инвесторлар Ресей Федерация кеңесінің 1 наурызда Украина территориясына Ресей әскерін кіргізу туралы шешімінің экономикалық салдары болады деп алаңдайды.

Ресейдің шикізат компаниялары мен банктерінің акцияларының құны түсе бастады. "Газпромның" құнды қағаздары - 11 пайызға, "Уралкалий" акцияларының құны - 11 пайыз, "ВТБ" банкінің акциялары - 12,5 пайыз, "Сбербанк" акцияларының құны - 8 пайызға арзандады. "Мечел" металлургиялық компаниясының акциялары 26 пайызға арзандап, бұл компанияның акцияларын саудаға шығару тоқтатылды.

Доллар мен еуроның рубльге шаққандағы бағамы бұрын-соңды болмаған деңгейде қымбаттады. Ресей орталық банкі инфляция мен қаржылық тұрақсыздықты болдырмас үшін пайыздық мөлшерлемені 5 пайыздан 7 пайызға дейін уақытша қымбаттатуға шешім қабылдады.

Сарапшылардың бағалауынша, Ресей биржаларындағы құлдырау 2008 жылы тамызда Ресей-Грузия соғысы кезінде болған құлдыраудан екі есе асып түседі.
XS
SM
MD
LG