Accessibility links

Аслан Мусин Хорватияға елші болды


Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Аслан Мусин.
Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Аслан Мусин.
Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Аслан Мусин Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аслан Мусин қаңтар айының ортасында "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді.

Мусин есеп комитетіне 2012 жылы қыркүйекте басшы болып келген. Оған дейін Мусин президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды.

2000 жылдардың басында Аслан Мусин Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімі болды. Кейін экономика және бюджетті жоспарлау министрі, премьер-министрдің орынбасары болып қызметтер атқарды.
XS
SM
MD
LG