Accessibility links

Үш араб елі Катардан елшілерін шақыртып алды


Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Катардағы елшілерін шақыртып алды. Үш ел билігі бірлесе жасаған мәлімдемесінде Катарды бір-бірінің ішкі ісіне араласпауға шақыратын қауіпсіздік туралы келісімді орындамады деп айыптаған.

Үш елдің елшісін шақыртып алуы Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесінің тарихында бұрын-соңды болмаған дипломатиялық шара ретінде қабылданып отыр. Бұл ұйымға Парсы шығанағында отырған алты ел кіреді.

Катар үш елдің бұл шешіміне өкініш білдірді, бірақ өзі бұл елдердегі елшілерін шақыртып алмайтынына сендірді.

Катар билігі Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесінің басқа мүшелерінен бірқатар мәселелер бойынша өзгеше саясат ұстанады. Катар Египеттегі "Мұсылман бауырластар" ұйымына және Сирия үкіметіне қолдау білдіріп, Иранмен дипломатиялық байланыстарын үзбей отыр. Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағының өзге де елдері "Мұсылман бауырластар" ұйымына қарсы және шииттер басқаратын Иранмен қарым-қатынасы нашар.
XS
SM
MD
LG