Accessibility links

Қашағанның операторына айыппұл салынды


Қашағандағы мұнай кені орыны. 21 тамыз 2013 жыл.
Қашағандағы мұнай кені орыны. 21 тамыз 2013 жыл.
Қазақстан Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясына 737 миллион доллардың айыппұлын салды.

Әлемде соңғы 35 жылда болжанған ірі мұнай қоры бар кеніш - Қашаған 2013 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Бірақ бір айға жетпей газ құбыры жарылып, мұнай өндіру тоқтаған.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі "кәсіпорын жаққан газдың қалдығы табиғатты ластағанын" айтады. NCOC бұл оқиға жайлы түсініктеме бермеді.

Қашаған жобасында қазақстандық "Қазмұнайгаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысының үлесі - 16,81 пайыз), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз), қытайлық China National Petroleum Corporations (8,4 пайыз) компанияларының үлесі бар.
XS
SM
MD
LG