Accessibility links

Қырым татарларына үкіметтен орын ұсынды


Қырым премьер-министрі Сергей Аксёнов. Симферополь, 9 наурыз 2014 жыл.
Қырым премьер-министрі Сергей Аксёнов. Симферополь, 9 наурыз 2014 жыл.
Қырым билігі автономиялық республика статусын анықтайтын референдумға бір аптадай уақыт қалған кезде қырым татарларына үкіметтен орын ұсынды.

РИА Новости агенттігіне сұқбат берген Қырым премьер-министрі Сергей Аксёнов қырым татарларына вице-премьерлік, екі министрлік және басқа да қызметтер ұсынғанын айтты.

Ол Қырымда "орыс және қырым татары тілі қатар қолданылатынын, аймақ билігі депортациядан оралған қырым татарларын қоныстандыруға берілетін қаржыны екі есе ұлғайтуға өтініш еткенін" мәлімдеді.

Аксёнов Қырым Ресей құрамына енген соң реприватизация жасалмайтынын, ондағы украин кәсіпорындары Қырым жоғарғы кеңесі меншігі болатынын, аймақ рубльді қолданатынын, барлық компаниялар Ресей заңы бойынша тіркелетінін де айтты.

Қырымның статусын анықтайтын референдум 2014 жылы 16 наурызда өтеді. Киев бұл науқанның заңсыз екенін айтады. Қырым татарлары мәжілісі референдумға бойкот жариялауға шақырды.
XS
SM
MD
LG