Accessibility links

Швейцария Каримованың үстінен іс қозғады


Гүлнара Каримова.
Гүлнара Каримова.
Швейцария прокуратурасы Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримоваға қатысты іс қозғағанын хабарлады.

Прокурордың баспасөз хатшысы Джаннет Балмердің айтуынша, Каримова ақша жымқыруға байланысты күдікке ілінген. "Қылмыстық іс 2012 жылы шілдеде (Гүлнара Каримованың төңірегіндегі төрт адамға байланысты) басталған. Олар Өзбекстанның телекоммуникация нарығындағы қаржы алаяқтығына байланысты күдікке ілінген" дейді прокуратура өкілі.

Балмердің сөзінше, Швейцария бұл істі тексеру барысында арасында Швеция мен Франция да бар бірнеше елден әріптестік танытуын сұраған.

Гүлнара Каримова 2013 жылы жазда елінде дипломатиялық иммунитетінен айырылған еді. Өзбекстанда Каримоваға қарасты делінген бірнеше телекомпания тоқтатылып, оған қатысты іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG