Accessibility links

RWB "интернеттің жаулары" туралы есебін жариялады


Reporters Without Borders ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)
Reporters Without Borders ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет)
Сөз бостандығын қорғаумен айналысатын "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы "Интернеттің жаулары" деп аталатын жыл сайынғы есебін жаряиялады.

Ұйым есебін 12 наурызда жариялап, дүниежүзілік кибер цензурамен күрес күніне арнады. Ұйым цензура саясаты мен онлайндық аңду жүргізетін үкіметтік құрылымдар мен ведомстволарға назар аударуды мақсат еткен.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінің басшысы Антуан Эри бұған дейін интернетке шектеу қойып келген елдер биыл да тізімнен түспегенін айтты.

"Беларусь, Түркіменстан, Қазақстан және басқа да елдер Ресейдің үлгісімен қимылдайды. Біздіңше, бұл елдерде интернетке шектеу қою жылдан жылға күшейіп келеді. Ақпарат құралдарының жағдайы да осыған ұқсас" деді Антуан Эри Азаттыққа.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының мәлімдеуінше, бұған дейін "сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігін қорғайтын елдер" саналып келген демократиялық үш мемлекет - АҚШ, Ұлыбритания және Үндістанда да "интернет жаулары" бар.

Ұйым есебі бойынша, бұл үш ел арнайы қызметтерінің интернет еркіндігін шектеуде кейде "қытайлық, ресейлік, ирандық және бахрейндік әріптестерінен айырмасы болмай қалады".
XS
SM
MD
LG