Қырғызстан білім министрлігінің мәлімдеуінше, биылдан бастап мектеп бітіретін түлектер емтиханды өзбек тілінде тапсырмайды. Министрліктің баспасөз хатшысы Амантур Акматов Азаттықтың Қырғыз қызметіне бұдан былай емтихан тек мемлекеттік және орыс тілдерінде тапсырылатынын айтты.
Бұған дейін мектеп бітіруші түлектерде емтиханды өзбек тілінде тапсыру мүмкіндігі де болған еді. Акматовтың айтуынша, "өзбек тілінде мектеп бітіретін оқушылар саны тым аз болғандықтан, бұдан ары бұл тілде емтихан тапсыруға негіз жоқ".
Қырғызстанның 5,6 миллион халқының 14 пайызын этникалық өзбектер құрайды. 2010 жылы жазда елдің оңтүстігінде этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығыстан кейін Бішкек пен Ташкенттің қарым-қатынасы нашарлап кеткен.
Қақтығыстарда қаза тапқан 400-ден астам адамның көпшілігі этникалық өзбектер.