АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейдің Қырым түбегін ресми түрде аннексиялап алғанын айыптап, оны заңсыз деп атады. Вашингтон мен Брюссель аннексиялау шараларын мойындамайтынын мәлімдеді.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, Қырымдағы шиеленісте екі адам қаза тапқаны белгілі болған. Украина әскерилерінің қолбасшылығы Симферополь маңындағы базаларына қарулы адамдар шабуыл жасау кезінде бір әскери қызметкері атып өлтірілгенін хабарлады. Қырым милициясының баспасөз хатшысы сол оқиғада ресейшіл "өзін-өзі қорғау" тобының бір мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді.
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович ақпан айында биліктен кетіріліп, Қырымға Ресей әскерилері орналастырыла бастағаннан бергі бұл алғашқы қарулы оқиға болып отыр.