Accessibility links

ЕО саммиті қарсаңында Меркель Ресейге ескерту жасады


Германия канцлері Ангела Меркель парламент алдында сөйлеп тұр. Берлин, 20 наурыз 2014 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель парламент алдында сөйлеп тұр. Берлин, 20 наурыз 2014 жыл.
Бүгін Германия парламенті алдында сөйлеген осы елдің канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағының (ЕО) басшылары саммитте Ресейге қарсы қатаң шаралар, оның ішінде экономикалық санкциялар салуға дайын екенін білдіреді деді. Оның айтуынша, ЕО егер Украинадағы жағдай шиеленісе түссе, қосымша шаралар қабылдайды.

Ангела Меркель Мәскеумен қарым-қатынастың қазіргідей шиеленісуі "Үлкен сегіздік" елдерінің тиімді жұмыс істемей отырғанын көрсетеді дейді.

Бүгін Брюссельде ЕО басшыларының екі күндік саммиті басталады. Онда Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанына жауап шаралары келісілмек.

ЕО маусым айында Ресеймен өтетін саммиттен бас тартуы мүмкін.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк ертең ЕО-мен саяси ассоциация туралы келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG