Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Апта бейнелері: 17 - 22 наурыз
23 наурыз 2014 жыл, 17:01
Азаттық радиосы
Азаттық 17 - 22 наурыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
Қырым парламенті 17 наурызда Украинадан тәуелсіздігін жариялап, Ресей құрамына кіруге өтініш білдірген
қаулы қабылдады
. Қырым билігі осыдан бір күн бұрын автономияда өткен
референдум
нәтижесінде дауыс бергендердің 93 пайызы Қырымның Ресейге қосылуын жақтағаны туралы хабарлады. Мәскеу Қырымның тәуелсіздігін мойындайтыны туралы мәлімдеді.
2
Малайзия билігі 8 наурызда жоғалған Boeing-777 ұшағын іздестіруге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Франция және АҚШ-тан
көмек сұраған
. Үкімет өкілі ұшақты іздеуге 25 ел қатыстырылғанын хабарлады. Осы аптада үш мемлекет ұшаққа қатысты спутниктен түсірілген
суреттер
туралы хабарлады. Бірақ әзірге нақты айғақ-деректер қолға түскен жоқ. Жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
3
17 наурызда Еуропа одағы мен АҚШ «Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығы бұзылғанын» мәлімдеп, Ресей мен Қырым шенеуніктеріне қарсы
санкция
жариялады. Еуроодақ Ресей мен Қырымның 21 саясаткерінің, ал АҚШ Ресейдің жеті шенеунігінің есепшотын тұтқындау туралы шешім қабылдады.
4
17 наурызда Алматының апелляциялық соты Шынар Бисенбаеваның 2012 жылы қарулы топқа қарсы
арнайы операция
кезінде қаза тапқан ұлының ісі бойынша Алмалы аудандық сотының шешіміне берген шағымын қанағаттандырудан
бас тартты
. Алмалы аудандық соты кәмелеттік жасқа толмаған ұлының қазасына байланысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы қалалық департаменті және ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының үстінен сотқа жүгінген Бисенбаеваның шағымын қанағаттандырмай тастаған еді.
5
17 наурызда Беларусь соты оппозициялық Біріккен азаматтық партиясының жетекшісі Анатолий Лебедьконы "рұқсат етілмеген жиынға қатысты және ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен
15 тәулікке қамады
. Лебедьконың екі серігі де дәл осындай айыптармен әрқайсысы 10 тәулікке қамалды. 16 наурызда Минск орталығында жергілікті кеңеске сайлау алдындағы үгіт-насихат кампаниясына қатысқаны үшін он адам (олардың екеуі журналист) ұсталған еді.
Суретте: Беларусь оппозициялық саясаткері Анатолий Лебедько сот залында. 17 наурыз 2014 жыл.
6
Кеден Одағының құрылуына қарсылық білдірген ашық хаттар мен түрлі акцияларды ұйымдастырушы, сондай-ақ ұлттық-патриоттық бағыттағы пікірлерін ашық білдіретін қоғамдық белсенді ретінде танылған кәсіпкер Мұхтар Тайжан наурыздың 18-і күні баспасөз мәслихатын шақырып, «жеке бизнесіне қысым күшейгесін белсенді саясаттан кететінін» мәлімдеді. Бірақ ол «егер Ресей тарапынан қандай да бір сепаратистік қадамдар байқалып жатса» қоғамдық қызметке қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.
Суретте: Мұхтар Тайжан баспасөз мәслихатында отыр. Алматы, 18 наурыз 2014 жыл.
8
Қазақстан сыртқы істер министрлігі 18 наурызда жариялаған мәлімдемесінде Қырымдағы референдумды «халықтың өз қалауын еркін білдіруі» деп сипаттап, Ресей шешіміне «түсіністікпен қарайтынын»
білдірді
. 19 наурызда Қазақстанның Киевтегі елшісі Зауытбек Тұрысбековті қабылдаған Украина СІМ Қазақстанның мәлімдемесіне
алаңдайтынын
білдірген. «Оның мазмұны Қазақстанның бұрынғы мәлімдемелеріне, соның ішінде Украинаның территориялық тұтастығын сақтауды қолдау қажеттігі туралы жоғары дәрежеде айтылған мәлімдемесіне қайшы келеді» деген Украина сыртқы істер министрлігі.
Суретте: Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта). Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
9
Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко Германияның "Шарите" клиникасында 12 күн ем алып
шықты
. Ол енді Украинаға оралып, саяси қызметке араласуды жоспарлап отыр. Сот үкімі бойынша "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, Харьковтегі колонияда жазасын өтеп жатқан Тимошенко биыл ақпан айында Украинада билік ауысқан соң бостандыққа шыққан еді.
Суретте: Юлия Тимошенко (ортада) "Шарите" клиникасының дәрігерлерімен бірге. 8 наурыз 2014 жыл.
10
19 наурызда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиев басқаратын үкіметті отставкаға жіберу туралы
жарлық шығарды
. Бір күн бұрын басқарушы коалиция құрамынан шығатындарын мәлімдеген "Ата-Мекен" партиясы үкімет жетекшісін "Қырғызстан өз үлесін арттыруды көздеп, "Құмтөр" алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады" деп айыптаған еді.
Суретте: 2012 жылдың қыркүйегінен Қырғызстан үкіметін басқарып келген Жантөрө Сатыбалдиев.
11
19 наурызда Қазақстан жоғарғы соты апелляциялық алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы генералы, коррупциялық қылмыстарға қатысты 13 жылға сотталған Әбдіразақ Ілиясовтың шағымын қанағаттандырудан
бас тартты
. 2013 жылы 30 желтоқсанда Алматының әскери сотының үкімімен ҰҚК шекара қызметі "Батыс" басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясов пен оның қарамағында жұмыс істеген үш қызметкерді "жемқорлыққа жол берді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар бойынша бас еркіндігінен айыруға
үкім шығарған
еді.
Суретте: ҰҚК-нің бұрынғы генералы Әбдіразақ Ілиясов сот залында. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.
12
22 наурызда Азат Ирак радиосының Бағдаттағы бюро жетекшісі Мұхаммед Бдаиви Оваид Аш-Шаммари Ирак астанасында
қаза тапты
. Куәгерлердің айтуынша, журналисті Ирак президенті күзет қызметінің өкілі атып өлтірген. Марқұмның туыстарымен кездесіп, көңіл айтқан Ирак премьер-министрі Нұри әл-Мәлики журналисті өлтірген адамды ұстап, сотқа тартуға уәде берген. Кейін Ирак телеарнасы Аш-Шаммариге оқ атқан деген күдікпен ұсталған адамның тұтқынға алынғаны туралы хабарлаған.
46 жасында мерт болған Аш-Шаммари Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ирак қызметі – Азат Ирак радиосында 2006 жылдан бастап жұмыс істеді. Бұдан екі жыл бұрын ол Азат Ирак радиосы Бағдаттағы бюросының жетекшісі болып тағайындалған еді. Журналистің артында әйелі мен үш баласы қалды.
Суретте: Мұхаммед Бдаиви Оваид Аш-Шаммари балаларымен бірге.
Апта бейнелері: 17 - 22 наурыз
XS
SM
MD
LG