Accessibility links

Түркия ұшаққа байланысты Сирияға ескерту айтты


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Сирия жойғыш ұшағы атылып түсірілгенін мәлімдеді. Ол елінің әуе кеңістігін бұзғаны үшін Сирия президенті Башар Асадқа "қарымта қайтаратынын" ескертті.

Дамаск шекара маңында көтерілісшілерді аңдып жүрген ұшағы оққа ұшқанын растап, Анкараны агрессор деп айыптады.

Сириялық құқық қорғаушылары сөзінше, ұшақ өткен аптаның соңында ереуілшілер қарамағына өткен шекаралық бақылау орнын төңіректеп ұшып жүрген.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, Сирияның Латакия уәлаятына қарасты ол аумақта қырғын соғыс болып жатыр. Ал Сирия мемлекеттік телеарнасы "Сирияға Түркия шекарасы жақтан өткендерге ауқымды соққы берілгенін" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG