Кабулде президенттікке кандидат Ашраф Ғанидың үйі маңындағы сайлау комиссиясы аумағында жарылыс болды. Зардап шеккендер саны жайлы нақты дерек жоқ. Саясаткер ол кезде үйінде болмаған. Полицияға сілтеме жасаған Associated Press агенттігінің хабарлауынша, шабуылды жанкештілер жасаған. Олардың бірі мініп келе жатқан көлігін жарған, екіншісі беліне таңып алған жарылғышты іске қосқан, үшінші күдіктіні іздеп жатыр,
Ашраф Ғани Дүниежүзілік банкте қызмет еткен, Ауғанстанның қаржы министрі болған.
Ауғанстанда президент сайлауы 5 сәуірде өтуі керек. "Талибан" сайлауға кедергі келтіретінін мәлімдеген.
Ашраф Ғани Дүниежүзілік банкте қызмет еткен, Ауғанстанның қаржы министрі болған.
Ауғанстанда президент сайлауы 5 сәуірде өтуі керек. "Талибан" сайлауға кедергі келтіретінін мәлімдеген.