Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко биыл мамыр айында өтетінн Украина президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді. Президенттікке түсу ниетін Тимошенко 27 наурызда Киевте өткен баспасөз жиынында жариялады.
Украина парламенті ақпан айында, бұрынғы президент Виктор Янукович үш айға созылған халық толқулары нәтижесінде биліктен тайдырылған соң, 25 мамырға мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеген. Президенттікке үміткерлер 4 сәуірге дейін тіркелуі тиіс.
Януковичтің басты саяси қарсыласы болған 53 жастағы Юлия Тимошенко 2011 жылы "қызмет бабын теріс пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған еді. Жақтастары мен батыс елдері оған шығарылған үкімнің "саяси астары бар" деп санаған. Янукович биліктен қуылысымен Тимошенко Харьковте жаза мерзімін өтеп жатқан түрмеден бірден босап шықты.
Бұған дейін екі рет Украина премьер-министрі болған Юлия Тимошенко 2010 жылы президент сайлауында Януковичтен аз ғана дауыспен жеңіліп қалған еді.