Accessibility links

SCAT ұшағынан ақау шықты


SCAT компаниясының сілтемесі. Көрнекі сурет.
SCAT компаниясының сілтемесі. Көрнекі сурет.
Бүгін апатты жағдайда қонған SCAT әуе компаниясының Боинг-757 жолаушылар ұшағы Астана әуежайына қонатын кезінде тежеу жүйесі істен шыққаны хабарланды.

Астана әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 180 адам болған, төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Бангкоктан Астанаға ұшып келе жатқан ұшақ 1 сәуір күні таңғы 4 сағат 10 минутта әуежайға қонатын кезінде сол жақ шассиінің тежеуіш жүйесі істен шығып, төрт дөңгелегі бірдей зақымданған.

Қазір болған оқиға тексеріліп жатыр.

Қазақстан әуе компанияларында өткен жылы да бірнеше рет ақаулар шыққан.
XS
SM
MD
LG