Accessibility links

Әзербайжан мен Түркия газ құбырын тартуға келісті


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (оң жақта) пен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (оң жақта) пен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Әзербайжан мен Түркия Еуропаға газ жеткізетін құбыр салуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Ол құбыр Әзербайжан газын Еуропаға Түркия арқылы тасиды.

Жоспар бойынша құбыр құрылысы 2018 жылы аяқталуы керек. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бұл туралы жұма күні Бакуден мәлімдеді.

Әлиев "Транс-Анатолия" газ құбырын (TANAP) тарту жұмыстары кестеден кешікпей жүргізілетінін айтты. Ал Ердоған "жұмыстардың жақын арада басталатынын" хабарлады.

TANAP құбыры Каспий теңізіндегі Әзербайжан газ кенішінен тартылады. Әлиев Әзербайжанның Түркия экономикасына таяудағы 7-8 жыл ішінде 20 миллиард доллар инвестиция құюды көздейтінін мәлімдеді. Ол "бұл Әзербайжанның шетелге салған ең үлкен инвестициясы болатынын" айтты.
XS
SM
MD
LG