Accessibility links

Ұшақ белгісі естілген тұсқа іздеушілер аттанды


Жоғалған ұшақты іздеп жүрген Австралия әуе күштері ұшағының экипажы. 22 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Жоғалған ұшақты іздеп жүрген Австралия әуе күштері ұшағының экипажы. 22 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Австралия Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінен қытай кемесі ұшақ «қара жәшігінің» дыбысына ұқсас белгілер естіген аймаққа ұшақтар мен кемелерді аттандырғанын хабарлады.

Жоғалған ұшақты іздестіру жөніндегі австралиялық үйлестіру орталығының жетекшісі Ангус Хьюстон операцияға қатысушылардың қазіргі міндеті – қытай кемесі тіркеген дыбыс белгілерінің іздеудегі малайзиялық ұшақтыкі ме, жоқ па екендігін тезірек анықтау екендігін айтты.

Сенбі күні қытай кемесі ұшақ құлаған аумақ деген болжам жасалған Үнді теңізінің оңтүстік бөлігінде 90 секунд бойы берілген дыбыс белгілері туралы хабарланған еді. Ол әдетте Boeing ұшағы бортындағы «қара жәшік» белгі беретін жиілікте тараған. Жұма күні қытайлық іздеу тобы осыған ұқсас, бірақ әлдеқайда қысқа белгілерді тіркеген.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі – Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен із-түссіз жоғалып кетті. Малайзия билігі спутниктен алынған деректерге сүйеніп, ұшақ Үнді мұхтиының оңтүстік бөлігіне құлаған деген қорытынды жасаған еді.
XS
SM
MD
LG