Украина мемлекеттік қауіпсіздік қызметі "Луганск қаласында ресейшіл сепаратистер қауіпсіздік қызметінің жергілікті бөлімшесінің ғимаратына жарылғыш құрылғы қойып, 60-қа жуық адамды кепілде ұстап отыр" деп мәлімдеді.
Ресми ақпаратта "Украина қауіпсіздік қызметінің терроризмге қарсы бөлімшесі сепаратистерді кепілге алған адамдарды босатуға көндіруге тырысып жатқаны" айтылады.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Луганскідегі сепаратистерді "террористік тәсілдерді пайдаланып отыр" деп айыптайды. Бірақ ғимаратты басып алған топтың мүшелерінің бірі, өзін "Антон" деп таныстырған адам "жарылғыш құрылғы орнатылғаны және адамдардың кепілге алынғаны" туралы ақпаратты теріске шығарады.
6 сәуір күні ресейшіл демонстранттар Донецк мен Харьковтегі үкімет үйлерін басып алған еді. 8 сәуір күні Украина арнайы жасақтары ресейшіл демонстранттар басып кірген Харьков облыстық әкімдігін босатты.