Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін елдің шығысындағы үкімет ғимараттарын басып алған ресейшіл наразы топтар қаруларын тастап, ғимараттарды босатса, жазаланбайтындарын мәлімдеді.
Парламент депутаттары алдында сөйлеген Турчинов қудалаудан босату туралы арнайы жарлық шығаруға дайын екенін де айтты.
Украинаның шығысындағы Луганск мен Донецкіде ресейшіл топтар 6 сәуірде басып алған үкімет ғимараттарын әлі босатпай тұр.
9 сәуірде ішкі істер министрі Арсен Аваков үкімет ғимараттары екі жолмен - келіссөз арқылы немесе күшпен босатылатынын мәлімдеген еді.
Ресми Киев пен батыс елдері Ресейді Украинаның орыс тілді тұрғындары басым шығыс аймақтарында тәртіпсіздіктер ұйымдастырып отыр деп айыптаған.