Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарниковты Ресей құрамындағы Хакасияның жоғары кеңесі төрағасы Владимир Штыгашевтің мәлімдемесіне байланысты түсінік беруге шақыртты.
Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов таратқан ақпаратта Владимир Штыгашевтің "Қазақстанның шығыс аймақтарына Ресейдің ие болу құқығы бар" деген сыңайдағы мәлімдемесі Қазақстанда алаңдаушылық туғызбай қоймайтыны айтылған.
Министрлік Хакасия жоғары кеңесінің төрағасы Штыгашевтің сөзін баспасөз құралдары дұрыс жеткізбегені жайлы хабарланғанымен, "мәлімдемеге қатысты мұндай түсінік берудің жеткіліксіз" екенін айтқан.
Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары Владимир Штыгашевтің Хакасия жоғары кеңесінің жиынында Қазақстанның шығысындағы Алтай аймағы "қашанда Ресейдің құрамында болғанын", Ресейдің Қазақстанға "бес облысын бере салғанын, Қазақстанның әуелі автономиялық республика (АССР) болғанын, одақтас республика (Қазақ ССР-і) мәртебесін кейіннен иеленгенін" айтқаны жайлы хабарлаған еді.
Бұдан соң Хакасия жоғары кеңесі аппараты төрағасының орынбасары Олег Николаев Штыгашевтің айтқан сөзі "бұрмаланғанын" мәлімдеген. Ол "Штыгашев қандай да бір елдің, оның ішінде Қазақстанның территориясына тарихи, я басқадай да құқықтық иелік туралы айтқан жоқ. Ол тек СССР кезіндегі одақтас республикалардың шекарасы қалай өзгергені туралы ғана айтты" деген.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Ресей билігі Владимир Штыгашевтің мәлімдемесіне лайықты бағасын береді деп үміттенетінін" айтады.