Accessibility links

Полиция наразыларды балаларымен қоса ұстады


Бас прокуратура алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

ВИДЕО: Бас прокуратура алдына келген наразы тұрғындарды полиция ұстады. Астана, 15 сәуір 2014 жыл.

"Астанада бас прокуратура алдында наразылық танытқан саяжай тұрғындары - әйелдер мен балаларды полиция ұстап әкетті" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Полиция әйелдер мен балаларды көлікке салып, полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция журналистерге әйелдер мен балаларды ұстау оқиғасын түсіруіне кедергі жасап, бір журналист зардап шеккен. "16/12" интернет арнасының операторы Виктор Гудзь полицейлердің әрекетінен басынан жарақат алған.

Бүгін таңертең Астанада саяжайда тұратын, жер телімдері "мемлекет қажетіне" алынуы тиіс 10 әйел мен 10 бала бас прокуратура алдына барған еді. Наразы алты әйел өздерін прокуратура алдындағы шарбаққа шынжырмен таңып тастаған.

Оларға прокуратура өкілдері шығып, наразы тұрғындардың құжаттарының көшірмесін алып, тұрғындарды 15 мамыр күні прокурор қабылдайтынын айтқан. Прокуратура өкілдері кеткен соң полиция акцияға қатысушыларды күшпен таратуға кіріскен.

Назаразылар 14 сәуір күні де парламент ғимаратының алдында дәл осындай шара өткізген еді.
XS
SM
MD
LG