Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында жолаушылар кемесі суға батып, 300-ге тарта адам із-түзсіз жоғалды. Суға батқанға дейін кемеде 459 жолаушы мен экипаж мүшелері болған.
Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған кемеден 164 адам құтқарылған. Қаза тапқан екі адамның денесі табылған.
Кеменің не себепті суға батқаны әзірге белгісіз.
Кейбір ақпараттарға қарағанда, Сеул мектептерінің бірінің 325 оқушысы кемемен Чеджу аралына экскурсияға бара жатқан. Кемедегі жолаушыларды құтқару жұмыстарына ондаған қайық пен тікұшақ қатысып жатыр.
АҚШ әскери-теңіз күштері өзінің бір кемесін құтқару жұмыстарына қосқанын хабарлады.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдары жолаушылардың көпшілігі кеме суға батқанда оның ішінде қалып қойған деген болжам айтады.