Accessibility links

Қызылорда: ІІМ әскері ауыз судан улануы ықтимал


Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).
Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).
Қызылорда қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы ішкі әскер сарбаздары арасында дизентерияның (жұқпалы ішек ауруы) жаппай таралуына ауыз су құбырының жағдайы себеп болуы мүмкін деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бұған дейін, 13-15 сәуір аралығында Қызылжар ауылында орналасқан №5547 әскери бөлімінің 52 әскери қызметкері улану белгісімен облыстық инфекциялық ауруханаға түскені хабарланған еді.

Қызылорда облыстық әкімшілігінің ақпараты бойынша, ауыл тұрғындарының жұқпалы ауру туралы шағымданбауы дерттің шығуына "әскери бөлімнің су құбыры жүйесіндегі кемшіліктер себеп болуы мүмкін" деген болжам бар.

Әкімшілік әскери бөлімнен сынақ ретінде алынған ауыз су сапасы талапқа сай еместігін айтады.

Уланған сарбаздарға жүргізілген бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде олардың 27-сінен "Флекснер дизентериясы" жұқпалы ауруы қоздырғышы табылған.

Әскери прокуратура жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық кодекстің 381 бабы бойынша ("қызметіне салғырт қарау") іс қозғады.
XS
SM
MD
LG