Бостон марафонындағы жарылыстарға қатысты "тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деп айыпталған қазақстандық Диас Қадырбаев соттан өз ісі бойынша сот процесін бастауды жоспарланған мерзімінен кейінге шегеруді сұрады деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Қадырбаевтың адвокаттарының айтуынша, жарылыстарға басты айыпты деп танылған Джохар Царнаевтың ісінің қазір "аса танымал болып тұруы" алқа сотына объективті үкім шығаруға кедергі келтіреді.
Қазір АҚШ-та қамауда отырған қазақстандық екі студент - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа АҚШ тергеу орындары былтыр 15 сәуірде болған Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты "тергеу ісіне кедергі келтірмек болған" деген айып таққан.
Қаңтардың 15-і күні Бостонның федералдық соты Қадырбаев пен Тәжаяқовтың сотын 23 маусымға белгілеген еді. Бірақ өткен аптада Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов қазақстандық баспасөз құралына сұхбатында "сот 2014 жылдың 30 маусымында болады" деген.
Тәжаяқов пен Қадырбаев "жарылыс жасады" деп айыпталып отырған Джохар Царнаевпен дос болған. Тергеу деректері бойынша, олар Бостондағы жарылыстан соң Царнаевтың бөлмесінен оның ноутбугі мен фейерверктер салынған рюкзагін алып кетіп, жоюға тырысқан. Егер олар айыпты деп танылса, 20 жылдан астам уақытқа бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.