Accessibility links

Ұшақ апатына қатысты диспетчер 6 жылға сотталды


"АН-72" ұшағы апатына қатысты сотталған Қанат Ақылбеков (оң жақта) пен оның адвокаты Ардақ Балпықов. Шымкент, 24 наурыз, 2014 жыл.
"АН-72" ұшағы апатына қатысты сотталған Қанат Ақылбеков (оң жақта) пен оның адвокаты Ардақ Балпықов. Шымкент, 24 наурыз, 2014 жыл.
28 сәуірде Шымкент қаласы Абай аудандық соты ҰҚК шекара қызметінің «Ан-72» әскери ұшағының 2012 жылы апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс
бойынша үкім шығарды.

Іс бойынша ұшақ апатына айыпты деп танылған «Қазаэронавигация» компаниясының шымкенттік филиалының диспетчері Қанат Ақылбеков 6 жылға сотталды. Ақылбеков қылмыстық кодекстің «абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне ұрындырған әуе көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» жайлы бабы бойынша айыпты деп танылды. Судья Саидбаттал Тоқбергенов айыпталушының жазасын қоныстандыру колониясында өтеуіне үкім шығарды.

Бұған қоса судья Қанат Ақылбековке үш жыл әуе диспетчері қызметін атқаруға тыйым салды.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің «Ан-72» әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның бәрі қаза тапқан еді. Олардың 20-сы – әскери қызметкер, жетеуі – экипаж мүшелері болатын. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG