Ауғанстанда шалғайдағы тауыл аймақтардың бірінде көшкін салдарынан бірнеше жүз отбасы құрбан болғаны туралы хабарланды.
Табиғи апат 2 мамыр күні елдің солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында елді мекенде болған. Провинция губернаторы Шах Валиулла Адебтің бүгін Азаттыққа хабарлауынша, биіктігі он метрден асатын аса үлкен көлемдегі топырақ пен лай адамдарды үй-жайымен бірге басып қалған.
Алдын ала болжам бойынша, табиғи апат құрбандарының саны екі мың адамнан асуы мүмкін дейді ресми тұлғалар.
Көшкін болған аймақтан төрт мыңдай адам басқа жаққа көшірілген.
Жергілікті билік орындары бірнеше күн бойы толассыз жауын жауған аймақта табиғи апаттың қайталануынан қауіптеніп отыр.