Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса атындағы сыйлық биыл Қырым татарлары лидері Мұстафа Джемилевке берілді.
Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский "сыйлықты Джемилевке маусым айында Варшава қаласында Польша президенті Бронислав Коморовский салтанатты түрде тапсыратынын" хабарлады.
Сикорскийдің айтуынша, "Джемилев совет кезеңінен бері құқық қорғау қызметімен айналысады, өз халқының құқықтарын қорғау жолында совет түрмесінде 10 жыл қамауда отырған".
Бұл сыйлық қаңтар айында Польшада 1989 жылы 4 маусым күні өткен сайлаудың 25 жылдығы құрметіне тағайындалды. Ол сайлау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польшада өткен алғашқы демократиялық сайлау болған еді.