Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Апта бейнелері: 5 - 10 мамыр
11 мамыр 2014 жыл, 09:00
Азаттық 5 - 10 мамыр аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
5 мамыр күні Алматының Алмалы аудандық соты қалалық соттың бұрынғы судьясы Күлпәш Өтемісованы айыпты деп тауып, төрт жарым жылға бас бостандығынан
айырды
. 56 жастағы Өтемісова ресейлік кәсіпкер Александр Сутягинскийге қатысты бастапқы жазаны жұмсартып, оны "сот залынан заңсыз босатып жібергені" үшін айыпты деп танылды. Сот оған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге және үш жылға дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығына айыруға үкім шығарған.
Суретте: Бұрынғы судья Күлпәш Өтемісова (сол жақта) мен адвокаты Владимир Попов сот залында отыр. Алматы, 5 мамыр 2014 жыл.
2
5 мамыр күні Бішкекте Қырғызстандағы бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың 100-ге жуық белсендісі елдің Ресей бастаған Кеден Одағына кіруіне қарсы
флэш-моб
өткізді. Олар Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы «ұлттық мүдеге қайшы әрі елдің саяси және экономикалық еркіндігін шектейді» деп мәлімдеді.
Суретте: Кеден Одағына Қырғызстанның кіруіне қарсы белсенділер флэш-моб өткізіп тұр. Бішкек, 5 мамыр 2014 жыл.
3
5 мамыр күні кешке қарай Оңтүстік Қазақстан облысындағы Черноводский-Бадам өткеліне жақын маңда 56 вагон тіркеп келе жатқан жүк пойызы
апатқа ұшырап
, тіркемеден үзілген 26 вагон жол жиегіндегі бағаналарды қиратқан. Аунаған үш цистернадан күкірт қышқылы төгілген. Қауіпті аймақтан мал-жан көшіріліп, теміржолда пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды.
Суретте: Апатқа ұшыраған жүк пойызының күкірт қышқылы тиелген цистернасы. Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 5 мамыр 2014 жыл.
4
Қазақстан қаржы полициясы оппозиция белсендісі Марат Жанұзақовты "заңсыз ақшаны заңдастыру" туралы іс бойынша тергеу туралы
қаулы шығарып
, Жанұзақовтың Алматы қаласынан шығуына тыйым салды. Бұған дейін, 30 сәуір күні, қаржы полициясы Жанұзақовты осы іс бойынша күдікті деп танып, одан қаладан шықпау жөнінде қолхат алған еді. Жанұзақовқа бұл айып оның Қырғызстан астанасына сапары қарсаңында тағылды. Жанұзақов Бішкекте өтетін Қазақстанның социалистік қозғалысы жиынына қатыспақшы еді.
5
5 мамыр күні кешке Нигериядағы "Боко харам" қарулы тобы елдің солтүстік-шығысындағы Гамбору-Нгала қаласына
шабуыл жасап
, бейбіт тұрғындарды атып, үйлер мен дүкендерді өртеген. Ақпараттарға қарағанда, 12 сағатқа жалғасқан шабуыл салдарынан 300-дей адам опат болған. "Боко харам" қарулы исламшылар тобы кейінгі уақытта Нигерияда бірнеше қанды шабуыл ұйымдастырды.
Суретте: Автокөлікке орнатылған бомба жарылған жерді зерттеп жүрген ресми адамдар. Абуджа, Нигерия, 2 мамыр 2014 жыл.
6
6 мамыр күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігі алдына жиналған «Маңғыстаугеология» кәсіпорын жұмысшылары аудан әкімі Әділбек Дауылбаевпен және аудан прокуроры Мақсат Жақаевпен кездесіп, сегіз айдан бері кәсіпорыннан жалақы ала алмай жүргендеріне
шағымдарын жеткізді.
«Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамы атқарушы директоры Ерлан Іңкәрбеков жұмысшыларға еңбекақы маусым айының ортасына дейін төлеп бітіруге уәде етті.
Суретте: «Маңғыстаугеология» акционерлік қоғамының наразы жұмысшылары. Құрық кенті, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы, 6 мамыр 2014 жыл.
7
6 мамыр күні Мәскеуде құқыққорғаушы
Елена Рябининаны
жерлеу рәсімі өтті. Орталық Азия елдерінен бас сауғалап келгендердің құқықтарын табандылықпен қорғап келген белсенді әйел 59 жасында рак дертінен дүние салған. Human Rights Watch ұйымы ол туралы «Адам құқықтарын бұзу әрекеттеріне қарсы тұрып, мигранттар мен саяси баспана сұраушыларды қорғау жолында полициядан бастап ең жоғарғы билік өкілдеріне дейін барлық лауазымды тұлғалармен жанкешті күрес жүргізген адам» деп жазды. Одессада туып, кейін Мәскеуге қоныс аударған Елена Рябининаны әріптестері Орталық Азиядан қашып келген талай босқынның өмірін сақтап қалған арашашы ретінде таниды.
Суретте: Марқұм Елена Рябининаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі. Мәскеу, 6 мамыр 2014 жыл.
8
6 мамыр күні Донецк облысының өзін-өзі қорғау жасағының басшысы, Майданды жақтаушы Александр Якубович пен тағы бірнеше адамды
сепаратистер босатты
. Ұсталғандардың қамауда азаптауға ұшырағаны туралы ақпарат тарады.
Суретте: Ресейшіл сепаратистер қолында болған кенші Александр Вовк қамауда өзін ұрып-соққанын айтады. Донецк, 6 мамыр 2014 жыл.
9
6 мамыр күні Капитолийде АҚШ депутаттарымен кездескен ресейлік Pussy Riot тобының мүшелері Мария Алехина мен Надежда Толоконникова АҚШ депутаттарын Ресей шенеуніктеріне қарсы санкцияларды күшейтуге
шақырды
. Олар санкцияларды Болотный ісіне қатысты күшейтуді сұрады.
Суретте: Мария Алехина (сол жақта) мен Надежда Толоконникова. Вашингтон, 6 мамыр 2014 жыл.
10
Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса атындағы сыйлық биыл Қырым татарлары лидері
Мұстафа Джемилевке берілді
. Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Джемилевтің "совет кезеңінен бері құқық қорғау қызметімен айналысқанын, өз халқының құқықтарын қорғау жолында совет түрмесінде 10 жыл қамауда отырғанын" айтты. Cыйлық Польшада 1989 жылы 4 маусым күні өткен сайлаудың 25 жылдығы құрметіне тағайындалған. Ол сайлау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польшада өткен алғашқы демократиялық сайлау болған еді.
Суретте: Қырым татарлары лидері Мұстафа Джемилев журналистерге сұхбат беріп отыр. Киев, 6 мамыр 2014 жыл.
11
6 мамыр күні Вашингтондағы
кездесуден соң
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы уәкілі Кэтрин Эштон мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бірлескен мәлімдеме жасады. АҚШ өкілі Украинаны "ары қарай бөлшектеу әрекеттеріне" қарсы екендерін білдіріп, "бұл әрекеттер Украинадағы жағдайды тыныштандырудың орнына, одан бетер ушықтыра түседі" деді. Вашингтон Украинада сепаратистер өткізгелі отырған аймақтар мәртебесі туралы референдумды "Қырым оқиғасын қайталау" деп бағалады. "Бірде-бір өркениетті мемлекет ондай референдумды мойындамайды" деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Суретте: АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Еуропа Одағы сыртқы саясат ведомствосы басшысы Кэтрин Эштон. Вашингтон, 6 мамыр 2014 жыл.
12
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Астана қаласында Қазақстанның қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктері, шекара қызметі мен республикалық ұлан жауынгерлерінің
әскери парады
өтті. Шеруге 2 мыңнан астам сарбаз бен 250 әскери техника қатысты.
Суретте: Қазақстан қарулы күштері сарбаздары парадта. Астана, 7 мамыр 2014 жыл.
13
7 мамыр күні Мәскеуде баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путин "Украинаның оңтүстік-шығысын федерализациялау жайлы 11 мамырда референдум өткізуді жақтаушылар ол шараны кейінге қалдыруы керек" деп
мәлімдеді
. Ол Украина билігінен елдің оңтүстік-шығысындағы "әскери операцияларды тоқтатуды Ресей талап ететінін" айтты. Сонымен бірге Путин Украинада 25 мамырға белгіленген президент сайлауын "дұрыс бағыттағы әрекет" деп атады.
Суретте: Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 7 мамыр 2014 жыл.
14
7 мамыр күні кешке Қырғызстандағы Көк-Таш ауылының тұрғындары мен Қырғызстан территориясындағы Тәжікстан эксклавы - Ворух тұрғындары
қақтығысып қалды
. Екі жақ арасындағы дау тас лақтыруға ұласып, ондаған адам зардап шеккен. Тұрғындарды тарату үшін шекарашылар мен құқық қорғау органдары өкілдері ескерту ретінде аспанға оқ атуға мәжбүр болды.
Суретте: Қырғызстандық әскерилер Тәжікстанмен шекара аймағын бақылап тұр. Баткен облысы, Қырғызстан, 8 мамыр 2014 жыл.
15
8 мамыр күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары
Уильям Бернспен кездесті
. Кездесуде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жайлы өтініші, Ауғанстан мен Украинадағы жағдайлар жайлы сөйлескен. Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен биыл наурызда Гаагада жолыққанда "қазіргі жаһандық жағдайды талқылағандарын" айтқан.
Суретте: АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс.
16
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Нигерияда «Боко Харам» исламшыл топтың жүздеген оқушы қызды ұрлағанын айыптап, оларды дереу босатуды
талап етті.
БҰҰ ҚК мәлімдемесінде оқушы қыздарға қатысты жағдайды мұқият зерттеп, «Боко Харам» тобына қарсы тиісті шара қолдану қарастырылатыны айтылған. Қауіпсіздік кеңесі «Боко Харам» басшыларының «оқушы қыздарды құлдыққа сату туралы мәлімдемесіне байланысты қатты алаңдаушылық танытып, қыздардың барлығын ешқандай шартсыз, дереу босатуды» талап еткен. БҰҰ бұл оқиғаға кінәлілер «соғыс қылмыскері ретінде қудаланатынын» ескерткен.
Суретте: Оқушы қыздарды ұрлауды айыптап, Нигерия елшілігі алдында наразылық акциясында тұрғандар. Вашингтон, АҚШ, 6 мамыр 2014 жыл.
17
9 мамыр күні Қазақстанда 1941-1945 жылдары аралығында болған совет-герман соғысындағы жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтті. Астана мен
Алматыда
және өзге де елдімекендерде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткіштерге
гүл қою рәсімі
өтіп, мерекелік концерттер ұйымдастырылды.
Суретте: Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл қою. 9 мамыр 2014 жыл.
18
9 мамыр күні Украинаның шығысындағы Мариуполь қаласында әскерилер мен ресейшілдер арасында
шайқас
болды. Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков қақтығыстан 20 шақты сепаратист өлгенін хабарлады. Бірақ Донецк облыстық денсаулық сақтау департаменті Мариупольде ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операция барысында тоғыз адам қаза тауып, 42 адам жараланып ауруханаға түскен деген мәлімет берген. Мариупольдегі шайқас кейінгі күндері де жалғасты.
Суретте: Үкімет күштері мен сепаратистер арасындағы шайқастан соң милиция мекемесі жанында беті жабық жатқан адам денесі. Мариуполь, 9 мамыр 2014 жыл.
19
9 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Севастопольде өткен Жеңіс күні парадына қатысты. "Қырым мен Севастополь туған отанына қайта оралды" деді ол шарада сөйлеген сөзінде. Бұл Ресей Қырымды өзіне қосып алғалы президент Путиннің алғаш рет түбекке баруы еді. Украина билігі мен батыс елдері Путиннің Қырымға баруын «арандатушылық» деп
сипаттады
.
Суретте: Ресей президенті Владимир Путин портты Севастополь қаласында парадта сөйлеп тұр. Қырым, 9 мамыр 2014 жыл.
20
9 мамыр күні Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони бұған дейін өзіне қатысты шыққан сот шешіміне сәйкес, Милан қаласы маңындағы қарттар үйінде қоғамдық жұмыстарды атқаруға кірісті. 77 жастағы Берлускони осы мекемеде жатқан ақыл-есі нашар қарияларға көмектеседі деп хабарланды.
Суретте: Сильвио Берлускони сот шешіміне сай қоғамдық жұмыс істеуге қарттар үйіне келді. Италия, 9 мамыр 2014 жыл.
21
10 мамыр күні Қырым татарлары түбектегі Чатыр-даг тауына шығып, осыдан 70 жыл бұрын – 18 мамыр 1944 жылы Совет өкіметі өз атамекенінен мәжбүрлеп жер аударған қырым татарлары халқының қасіретін еске алып, депортация құрбандарына
құран бағыштады
. Шараға қатысқан екі мыңға жуық адам «Отан!», «Украина жасасын!» деп айғайлап, Қырым татарларының әнұраны саналатын «Ант еттім» әні мен Украинаның гимнін шырқады.
Суретте: Қырым татарлары түбектегі Чатыр-даг тауында депортация құрбандарын еске алып тұр. 10 мамыр 2014 жыл.
Апта бейнелері: 5 - 10 мамыр
XS
SM
MD
LG