Accessibility links

АҚШ Украинадағы "референдум" нәтижесін мойындамайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки.
АҚШ Украинаның шығысында "заңсыз өткізілетін референдум" нәтижелерін мойындамайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки мәлімдеді. Оның айтуынша, 11 мамыр күні өткізіліп жатқан "референдум" "халықаралық заңнамаларды және Украинаның территориялық тұтастығын бұзады".

Бүгін Украинаның шығысында дауыс беру орындары жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегізден ашылған. Дауыс беруге сайлау орындарына барып жатқан адамдардың саны туралы ақпараттар әр түрлі. Интернетте "сайлау учаскелері алдында ұзын-сонар кезекте тұрған адамдар" түскен суреттер пайда болды. Бірақ ол ақпараттарды тексеру мүмкін болмай тұр. "Референдумға" тәуелсіз, шетелдік бақылаушылар жіберілмеген.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов "референдумды" "тұңғиыққа тартатын жол" деп атаған. Ол Киев елдің шығысындағылармен келісім жасасуға даяр екенін, бірақ "елді жойғысы келетін бір де бір террориспен" келісімге келмейтінін мәлімдеген.

Турчиновтың айтуынша, Донецк мен Луганск Украинаның дотациялық облыстары саналады.
XS
SM
MD
LG