Accessibility links

Олланд: Армения ЕО-мен келісім жасай алады


Франция президенті Франсуа Олланд Азаттыққа сұхбат беріп тұр. Ереван, Армения, 12 мамыр 2014 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд Азаттыққа сұхбат беріп тұр. Ереван, Армения, 12 мамыр 2014 жыл.
Армения Кеден Одағына қосылу туралы жоспары барына қарамастан, Еуропа Одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімге қол қоя алады дейді Франция президенті Франсуа Олланд.

12 мамыр күні Арменияға сапары кезінде Азаттыққа берген сұхбатында Олланд ЕО Арменияға бола "ерекше үлгі қабылдай алатынын", бірақ ол үшін Брюссель мен Ереван "бірлесе сценарий жасауы қажет" екенін айтты.

Олланд Арменияға сапарының алдында Әзербайжанға барып, ел президенті Ильхам Әлиевпен кездескен.

Олландтың мәлімдеуінше, оның оңтүстік Кавказ елдеріне сапары Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ проблемасын және Грузияның жікшіл аймақтары арасындағы "территориялық дауларды реттеу келіссөздерін алға жылжытуға" бағытталған.

Олландтың сөзінше, Франция мемлекеттердің тұтастығы мен территориялық дауларды "мемлекет тұтастығын сақтай отырып шешуді" қолдайды.
XS
SM
MD
LG