Бүгін Қазақстан парламенті сенаты "Қазақстан мен Ресейдің аймақтық бірыңғай әуе қорғанысы жүйесін құру туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады.
Сенат отырысында қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров келісім күшіне енгеннен бастап үш айдың ішінде әуе қорғанысы жүйесіне кіретін әскери органдар, командалық бөлімшелер, құрамалар мен әскери бөлімдердің тізімі бекітілетінін хабарлады.
"Аймақтық бірыңғай әуе қорғанысы жүйесін қолбасшы басқарады. Оны Ресей мен Қазақстан президенттері екі елдің қорғаныс министрлерінің ұсынуымен тағайындайды. Қолбасшылық Алматыда орналасады" деді Сапаров.
Ол бұған қоса әуе қорғанысы жүйесін жетілдірудің нақты қадамдарының бірі ретінде Қазақстан қарулы күштері ресейлік зениттік-зымырандық кешендермен тегін жабдықталатынын айтты.
Құжат бойынша, әуе қорғанысының аймақтық бірыңғай жүйесі ТМД елдерінің әуе қорғанысы біріккен жүйесінің бір бөлігі болып саналады.
Заң жобасына сай, екі жақ әскери қауіп туған кезде және соғыс жағдайында өз әскері мен техникасын әр елдің заңдарында қарастырылған тәртіппен қолдану туралы шешімді дербес қабылдауға хақылы.