2008 жылғы қаржы дағдарысы кезіндегідей бұл жолы да Ресейден капитал шетелге шығарылып жатыр.
Украина үшін Батыс елдерімен шекісіп қалған Мәскеудің қанша капиталдан айырылатынын ешкім болжай алмайды. Дегенмен бұл құбылыс сарапшыларды алаңдата бастады. Егер капитал Ресейден осы қарқынмен жылыстай берсе, елдің экономикалық өсімі баяулайды.
2008 ЖЫЛ ҚАЙТАЛАНА МА?
Ақпараттар бойынша, осы жылдың алғашқы тоқсанында Ресейден 50-70 миллиард АҚШ доллары шығарылған. Бұл көрсеткіш ұлғаяды деген болжам бар. Сарапшылар мұны 2008 жылғы қаржы дағдарысымен салыстырады.
2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде мұнай бағасы төмендеп, Ресейге сырттан келетін инвестиция азайды, іштегі капитал сыртқа шығарылды. Осы үш құбылыстың кесірінен Ресей 200 миллиард доллардан қағылған еді. 2009 жылы бұл елдің жалпы ішкі өнімі 7,9 пайызға азайды.
Лондондағы Standard Bank маманы, дамушы елдер экономикасын зерттейтін Тим Эш «егер Шығыс-Батыс араздығы осылай ушыға берсе, 2008 жылғы дағдарыс қайталанады. Бұл кезең де қиын, экономика нашар дамып жатыр, өсім өте төмен» дейді.
Тим Эш Ресей экономикасының қазіргі ахуалын «Капитал сыртқа жылыстаған кезде пайыздық мөлшерлеме де өседі, яғни енді ресейлік компания инвестиция үшін қарыз алғысы келсе, артық шығынға батады. Сондықтан олар инвестицияны азайтады, нәтижесінде экономиканың өсімі де төмендейді, тұйыққа тірелу деп осыны айтамыз» деп сипаттайды.
Дүниежүзілік банктің есептеуінше, 2014 жылы Украина дағдарысы кесірінен Ресейден шетелдерге 150 миллиард доллар әкетілуі мүмкін. Бірақ оны Ресей экономикасы нашарлауының жалғыз себебі деп қарастыруға болмайды.
Бақылаушылар «көптеген инвесторлардың Ресей экономикасына сенімі азайды, капиталды Ресейде сақтай алмайтындарын түсінді» дейді.
Ресейдегі Transparency International ұйымының директоры Антон Поминов «Салыстырмалы түрде тыныш деген жылдардың өзінде елден заңды әрі заңсыз жолдармен 50-60 миллиард доллар кететін. Негізгі себеп – ертеңгі күнге деген сенімнің жоқтығы» дейді.
«ИНВЕСТОРЛАР ҮКІМЕТКЕ СЕНБЕЙДІ»
Поминов «Ресей капиталистері де басқалар сияқты инвестиция саларда болжам жасайды» дейді. Олар өз бизнесінің табысты болатынына кепілдік бере алмайды, бірақ жұмыс істейтін елде тұрақтылық пен тыныштық болғанын қалайды. Алайда ресейлік бизнес пен саяси элита ондай тұрақтылықты қамтамасыз етпей отыр. Поминов «Барлығы бір сәтте өзгеріп кететін елде күн ілгері болжам жасау да мүмкін емес» дейді.
Капиталдың сыртқа қашуына «бизнесімді тартып алады» және «құқығым қорғалмайды» деген үрей ғана әсер етпейді. Ресейдің авторитарлық үкіметінің дағдарыс кезінде қандай әрекетке баратынын ешкім болжай алмайды, Кремль тіпті халықаралық сауда қатынастарына да зиян келтіруі мүмкін.
Мәскеу Батыстың талабын тыңдаудан бас тартып, Украинаның ішкі ісіне араласып, Қырымды тартып алған соң Батыс елдері украиналық сепаратистер мен ресейлік шенеуніктерге екі дүркін санкция салды. Санкцияға іліккендер арасында Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдар да бар.
Халықаралық несие рейтингін жасайтын Standard & Poor агенттігі Ресейді бір орынға төмен сырғытты. Себебі, Батыс пен Ресей арасы ушыққандықтан, бұл елден шетелдік инвесторлар да ақшасын әкетіп жатыр. Ресейлік және шетелдік қаржының Ресейден жылыстауы инвесторлардың Мәскеуге сенімінің қатты төмендеп кеткенін, енді оны қалпына келтірудің қиын болатынын көрсетеді.
Тим Эш «Ресей отандық және шетелдік компаниялар инвестициясымен ғана дами алады. Соңғы төрт-бес жылда бұл тоқтап қалды. Украина мен Қырым оқиғасынан кейін жағдай тіпті қиындап кетті» дейді.
Ресейден осы жылдың бірінші тоқсанында ғана шыққан капитал мөлшері былтырғы жылдың тұтас көрсеткішіне теңескен. Енді Мәскеу қазіргі саяси бағытынан «жаңылмаса», қанша ақшадан қағылады деген сұрақ туады.
Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев наурыздың 27-сі күні «экономика өсімі 1 пайызға төмендегенін, сыртқа кетіп жатқан капитал мөлшері 150 миллиард долларға жеткен жағдайда бұл өсімнің одан ары баяулайтынын» ескерткен еді.
Украинаға соқтықпай тұрып-ақ, Ресей экономикасының өсімі 2009 жылдан бері төмендеп келеді. Жалпы ішкі өнім 2013 жылы 1,3 пайызға ғана өсті. Құлдырауға Ресейді асырап отырған негізгі экспорт көзі – мұнай бағасының төмендеуі себеп болған.
(Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)