Accessibility links

Қырғыз партиясы Кеден Одағы құжатын мақұлдады


Қырғызстанның басқарушы Социал-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Чыныбай Турсунбеков (оң жақтан екінші).
Қырғызстанның басқарушы Социал-демократиялық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Чыныбай Турсунбеков (оң жақтан екінші).
Қырғызстанның басқарушы Социал-демократиялық партиясы (СДП) елдің Кеден Одағына кіруінің жол картасын мақұлдады.

СДП-ның парламенттегі фракциясының жетекшісі Чыныбай Турсунбеков құжатты енді басқа партиялардың фракциялары мен парламенттік комитеттер талқылауы тиіс екенін айтты.

20 мамырда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Шанхайда журналистер алдында сөйлеген сөзінде "жол картасын дайындауда Қырғызстанның мүдделері ескерілуі тиіс" екенін мәлімдеген.

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев осы аптада жол картасын іске асыру үшін Бішкекке 400 миллион АҚШ доллары қажет екенін, елде ондай қаржы жоғын айтқан.

Қырғызстанның Кеден Одағына кіруінің жол картасы соңғы рет одаққа мүше елдер - Ресей, Қазақстан және Беларусьтің 29 мамырда Астанада өтетін кездесуінде талқыланбақ. Бұл жиында үш ел басшылары Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG