Accessibility links

Польшаның соңғы коммунистік басшысы қайтыс болды


Польшаның бұрынғы коммунистік соңғы басшысы Войцех Ярузельский (оң жақта) өзіне қарсы қозғалған іс бойынша сот процесінде. Варшава, мамыр 2011 жыл.
Польшаның бұрынғы коммунистік соңғы басшысы Войцех Ярузельский (оң жақта) өзіне қарсы қозғалған іс бойынша сот процесінде. Варшава, мамыр 2011 жыл.
Польша ақпарат құралдары Польшаның соңғы коммунистік басшысы, генерал Войцех Ярузельcкийдің 25 мамыр күні 90 жасында қайтыс болғанын хабарлады.

Польшаның PAP агенттігі Ярузельcкийдің бақилық болғанын бұрынғы президент Александр Квасьневскийден естігенін хабарлады.

Ярузельский Польшада билік басына 1981 жылы келіп, елде әскери жағдай орнатып, антикоммунистік "Солидарность" кәсіподақ ұйымының жетекшісі Лех Валенсаны тұтқындауға бұйрық берген.

Бірақ екі жылдан соң әскери жағдайды жойып, режимге қарсы наразылықтар күшейген соң 1989 жылы "Солидарность" ұйымымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болған. Кейін алғашқы коммунистік басшы ретінде жартылай еркін сайлау өткізуге келіскен.

2007 жылы Ярузельский мен бұрынғы билік кезінде лауазымды қызмет атқарған сегіз адам 1981 жылы "Солидарность" қозғалысын күйрету үшін әскери жағдай орнатты деген айыппен сотқа тартылған. Әскери жағдай салдарынан ондаған адам қаза болып, бірнеше жүздеген кісі қамалған. Бірақ 2011 жылы сот Ярузельскийді денсаулығына байланысты сот процесінен шығарып тастаған.

Войцех Ярузельский біраз жыл сырқаттанып жатқан еді.
XS
SM
MD
LG