Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясының басшылығы Қазақ қызметінің Астанадағы тілшісі Өркен Бисеновті (лақап аты – Жоямерген) қамау әрекетін айыптайды. Өркен Бисенов мамырдың 27-сі күні Астана маңындағы Ильинка кентінде жоспарланған Еуразия Одағына қарсы жергілікті белсенділердің іс-шарасы туралы хабар дайындауға барған кезде ұсталып, Астана қаласының Есіл аудандық полиция бөліміне түскен еді. Астана қаласының ауданаралық әкімшілік соты түнімен өткізген отырысы кезінде «ұсақ бұзақылық жасады» деген айыппен Бисеновті 4 тәулікке қамауға, он шақты белсенді мен тағы бірнеше журналисті 3 және 4 тәулік қамау жазаларына кескен.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосының президентінің міндетін атқарушы Ненад Пейч мамырдың 28-і күні: «Журналисіміз оқиға туралы репортаж дайындауға барған. Оның қамалуын Еуразия экономикалық одағы туралы хабарлауды шектеу әрекеті деп көреміз және бұл әрекетті сөз бостандығын бұзу деп айыптаймыз. Ол кеше қамауға алынған өзге де журналистермен бірге дереу босатылуы керек» деп мәлімдеді.
Компания өзінің Твиттер парақшасында: «Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Қазақстан Еуразия саммитін өткізер кезде «бұзақылық» үшін журналистерді қамауын айыптайды» деген твит жариялады. Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары #FreeOrken (Өркенді босат!) хэштегі арқылы постар жариялап Азаттық тілшісіне қолдау көрсетіп жатыр.
Азаттықтың журналистері бұған дейін де бірнеше мәрте жұмыс барысында полиция тарапынан күш қолдану әрекетінің құрбаны болған. Биылғы сәуір айында полиция Азаттықтың Астанадағы тағы бір тілшісі Светлана Глушковаға жер дауына қатысты наразылық митингісі туралы хабар әзірлеу кезінде күш қолданып, кәсіби қызметіне кедергі келтірген еді. Глушкованың жазған арызын полиция қараудан бас тартқан.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Қазақ қызметінің директоры Едіге Мағауин медиа компания қызметкерлеріне қарсы жасалған заңсыз әрекеттерге орай олардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауына жәрдемдесетінін айтады.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы Орталық Азия, Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне 22 тілде хабар тарататын тәуелсіз халықаралық медиа ұйым. Азаттық Радиосының Қазақ қызметі 1953 жылдан бері хабар таратып келеді, 2008 жылдан бастап вебсайт ашқан. Азаттықтың вебсайты 2009 жылы «азаматтардың еркін ақпарат алуына қосқан үлесі үшін» белгілі халықаралық «Онлайн Журналистика» сыйлығын «Үздік ағылшын тілді емес вебсайт» номинациясы бойынша жеңіп алған, Қазақстанда бірнеше рет «үздік вебсайт» ретінде Award.kz бас жүлдесін иеленген.

Бұл әрекетті сөз бостандығын бұзу деп айыптаймыз. Өркен Жоямерген кеше қамауға алынған өзге де журналистермен бірге дереу босатылуы керек.Ненад Пейч, Азат Еуропа/Азаттық Радиосы президенті қызметін атқарушы