Accessibility links

Астанада ЕАЭО келісіміне қол қойылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) және Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі жиынында. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.
29 мамыр күні Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенконың қол қою рәсімі Ақордада өтті.

Президенттер мұның алдында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынын өткізіп, одақ туралы пікірлерін білдірген.

Бүгін Астанада Бәйтерек кешені жанында полиция одақтың құрылуына қарсылық білдірген ондаған белсендіні ұстап әкеткен. Алматының орталық Республика алаңында да бірнеше адам одаққа наразылық ретінде маска тағып шыққан. Алматыда құқық қорғау орындары бірнеше белсендіге қарсылық шараларын өткізбеу және қатыспау туралы ескерту берген.

27 мамыр күні Астананың шетіндегі Ильинка кентінде полиция Еуразия одағының құрылуына қарсы белсенділер өткізген жиынға қатысқан бірнеше адамды, соның ішінде осы шарадан хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенді де ұстаған еді. Әкімшілік сот оларды үш күннен төрт күнге дейін қамауға алу туралы шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG