Грузияның жікшіл Абхазия аймағының парламенті президент Александр Анквабты дереу отставкаға кетуге шақыратын құжат қабылдады. Құжат қабылданған отырысқа парламенттің 35 депутатының 21-і қатысты. Құжатты 20 депутат қолдап, 1 депутат қарсы дауыс берді.
Депутат Сергей Шамба егер Анкваб өз еркімен отставкаға кетсе, "парламент оның қауіпсіздігі мен болашағына кепілдік беруге қатысты мәселелерді талқылауға дайын екенін" мәлімдеді.
27 мамырда оппозицияшыл шерушілер Сухумиде президент отырған ғимаратты басып алып, Анкваб үкіметті таратуға уәде берген соң босатқан еді.
Грузияның екі жікшіл аймағы - Абхазия мен Оңтүстік Осетия 2008 жылы тамызда Ресей-Грузия жанжалынан кейін бөлініп кетіп, тәуелсіздігін жариялаған. Бірақ бұл екі аймақтың тәуелсіздігін Ресей мен бірнеше мемлекет қана мойындаған.