Accessibility links

Марин Ле Пен: Меркель мен Путинге сүйсінем


Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен.
Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен.
Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен Германия канцлері Ангела Меркельге қалай сүйсінсе, Ресей президенті Владимир Путинге де солай "сүйсінетінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, "Путин басқа державалардың айтқанымен жүрмейді".

Немістің "Шпигель" журналына берген сұхбатында Ле Пен өз елінің мүддесін қорғайтын басшыларды құрметтейтінін айтты. Оның пікірінше, "Меркельдің саясаты басқа мемлекеттерге зиян тигізгенімен, Германияға пайдалы".

Ле Пен Путин "Ресей мүдделерін өзгелерден жоғары қоятынын" айтып, бұл жағынан оны "Меркельді құрметтегендей сыйлайтынын" білдірді.

Иммигранттар мен Еуропа Одағына қарсы "Ұлттық майдан" партиясы өткен аптада Еуропарламентке сайлауда жеңіске жеткен еді.

Марин Ле Пен сұхбатында бұған қоса Еуропа Одағын (Еуропа емес) күйреткісі келетінін де айтқан.
XS
SM
MD
LG