Қазақстан статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі, "қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 7 жылға сотталған Анар Мешімбаева Алматы облысына этаппен жеткізілді деп хабарлайды Tengrinews сайты.
Мешімбаеваның адвокаты Ботагөз Бейсембаеваның айтуынша, оны Алматыға Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының апелляциялық алқасы үкімді күшінде қалдырған соң жеткізген. Адвокат әзірге апелляциялық алқаның шешіміне қатысты қандай да бір шағым түсіру ниеттері жоғын айтады.
Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваға үкімді 14 ақпан күні шығарған. Сот оны 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырған және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтірген" деп айыптаған.
Сот Мешімбаеваның дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл бойы мемлекеттік қызметті атқаруына тыйым салған.