Accessibility links

НАТО Украинаға әскери көмек бермек


НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен. Брюссель, 3 маусым 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен. Брюссель, 3 маусым 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссеннің айтуынша, альянс Украина қарулы күштерін реформалау және модернизациялау жоспарын түзуді аяқтап қалды.

Брюссельде 3 маусым күні альянсқа мүше елдердің қорғаныс министрлерімен кездесуден соң мәлімдеме жасаған Расмуссен таяу арада Украинадағы реформалардың тиімділігін көтеру мен армиясын нығайтудың ұзақ мерзімдік шаралары туралы пакет дайындалатынынан хабардар етті.

Расмуссен көмек пакеті жайында егжей-тегжейлі айтудан бас тартқанымен, бірқатар елдер Киевке қосымша жекелеген түрде техникалық, материалдық және кеңес түрінде қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірген.

НАТО бас хатшысының сөзінше, Украинаға көмек туралы соңғы шешім осы айда альянсқа мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданбақ.
XS
SM
MD
LG