7 маусым күні Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысқан АҚШ вице-президенті Джо Байден Киевте осы шараға барған Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездескен.
Кездесуде Байден АҚШ тарабы Грузияға «қосымша 5 миллион доллар бөлуге ниетті» екенін мәлімдеп, бұл мәселе бойынша АҚШ конгресінде кеңесулер өтетінін хабарлаған.
Бөлінетін қаржы Грузияның жікшіл аймақтарының әкімшілік шекарасында тұрғызылған кедергілерден зардап шегіп отырған оның аумағында тұратындарға, аймақтағы жұрттың тәуелсіз ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, елде демократия мен экономиканы дамытуды қолдауға бағытталатыны айтылды.
Бұған дейін 26 ақпан күні Вашингтонда өткен АҚШ пен Грузия арасындағы стратегиялық әріптестік комиссиясының отырысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Грузияның Еуропамен интеграциясын қолдау үшін Тбилисиге қосымша қаржы бөлінетіндігін мәлімдеген еді.
АҚШ биыл Грузияға жалпы көлемі 65 миллион долларға жуық қаржылай көмек беріп отыр.