Accessibility links

Қазақстан 10 елге виза режимін уақытша жоймақ


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет)
Астана әуежайы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан 2014 жылдың 15 шілдесінен бастап 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін 10 ел азаматтары үшін визасыз режим енгізетін болды деп мәлімдеді сыртқы істер министрінің орынбасары Рапиль Жошыбаев 13 маусымда елшілер мен консулдармен кездесуінде.

Осы уақыт аралығында АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапонияның дипломатиялық, қызметтік және мемлекеттік паспорттары бар азаматтары 15 күнге дейінгі мерзімге Қазақстанға бірнеше рет келіп-кете алады.

Жошыбаевтың айтуынша, визасыз режим әзірге сынақ түрінде енгізіліп отыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда Бурабайда шетел инвесторлары кеңесінің жиынында шетел инвесторларын ел экономикасына араласуғашақырған еді.
XS
SM
MD
LG