Accessibility links

Терроризмге қарсы заңға түзетулер енгізілді


Терроризмге қарсы арнайы топ жаттығу кезінде. Алматы облысы, тамыз, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Терроризмге қарсы арнайы топ жаттығу кезінде. Алматы облысы, тамыз, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін "Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, құжаттың басты мақсаты - экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласындағы заңнамаларды жетілдіру болып саналады.

Заң жобасы бойынша Азаматтық процессуалдық кодекс пен Жер кодексіне, "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заңға және тағы бірқатар заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.
XS
SM
MD
LG