Accessibility links

Түркияның экс-президенті өмірлік түрме жазасына кесілді


Кенан Эврен. Анкара, 4 қыркүйек 2010 жыл.
Кенан Эврен. Анкара, 4 қыркүйек 2010 жыл.
Түркия ақпарат құралдары осы елдің бұрынғы президенті Кенан Эврен (96 жаста) мен бұрынғы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Тахсин Шахинкая (89 жаста) 1980 жылғы әскери төңкеріске қатысы бар деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілгені туралы хабарлады.

Генерал Эврен мен генерал Шахинкая "мемлекетке қарсы қылмыс жасап, әскери төңкеріс ұйымдастырды" деп айыпталған.

Кенан Эврен мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырған кезінде армия бас штабының басшысы болып тұрған. Төңкерісті ұйымдастырғандардан көзі тірі қалған - Эврен мен Шахинкая.

Эврен төңкерістен соң президент болып сайланып, Түркияда әскери билік орнаған. Ол билік құрған 1980-1989 жылдары Түркияда он мыңдаған адам сотталып, азаматтықтан айрылып, азапталып, ондаған адам жазаланған.

Кенан Эврен мен Тахсин Шахинкая Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 2010 жылы конституцияға оларды иммунитеттерінен айыратын түзетулер енгізген соң, 2012 жылы сотқа тартылды. Екеуі де денсаулықтарына байланысты сотқа қатысқан жоқ.
XS
SM
MD
LG