Accessibility links

Қостанайда чартерлік рейс ұша алмай қалды


Әуежайда тұрған ұшақ (Көрнекі сурет).
Әуежайда тұрған ұшақ (Көрнекі сурет).
Қостанайдан 20 маусымда Анталияға ұшып шыққан чартерлік рейс қайтадан әуежайға қондырылды деп хабарлайды Қостанай облыстық "Наша газета" басылымы веб-сайты.

Чартерлік рейс әуелі Қостанайдан Анталияға 19 маусым күні сағат 5:00-де ұшып шығуы тиіс болған. Бірақ сапар бірнеше мәрте кейінге қалдырылған. Ақыры 20 маусым күні таңғы сағат 5:00-де ұшып шыққан ұшақ қайтадан төтенше жағдайда әуежайға қонуға мәжбүр болған.

"Қазір ол ұшақты ұшуға дайындап жатқанымен, адамдар оған мінуге қорқады. Қостанай әуежайында отырған туристер жағдайдың реттелгенін күтіп отыр" деп жазады басылым.

Қазақстанда шетелдік чартерлік рейстерге тыйым салынғалы жергілікті рейстердің уақытында ұшпай қалуы жиілеген. Биылдың өзінде Алматы, Астана, Өскемен қалаларынан Түркия, Таиландқа жүздеген турист уақытынан кешігіп ұшты.
XS
SM
MD
LG