Ақ үйдің баспасөз қызметі 10 шілде күні кешке Джон Теффті АҚШ-тың Ресейдегі елшісі етіап тағайындау ниетін ресми түрде жария қылды.
Бұған дейін Ресей Джон Теффтің АҚШтың жаңа елшісі болып тағайындалуына алдын-ала келісім бергені хабарланған еді.
Джон Теффт - тәжірибелі дипломат, советтік және постсоветтік мәселелер бойынша танымал маман. Теффт 2009 жылдың қарашасынан 2013 жылдың тамызына дейін Украинада елші болған. 2000-2003 жылдары АҚШ-тың Литвадағы, 2005-2009 жылдары Грузиядағы елшісі болды.
1996-1999 жылдары Теффт АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Мәскеу Джон Теффті режимдерді ауыстырудың маманы, Вашингтонның бұған дейін Ресеймен көршілес мемлекеттерде "түрлі-түсті төңкерістерді" ұйымдастыру үшін жіберген "дипломатиялық диверсанты" деп санайды.