Accessibility links

БРИКС елдері жаңа банк пен қор құрды


БРИКС саммиті. Форталеза қаласы, Бразилия, 15 шілде 2014 жыл.
БРИКС саммиті. Форталеза қаласы, Бразилия, 15 шілде 2014 жыл.

БРИКС елдері жалпы капиталы 100 миллард долларды құрайтын даму банкі мен резервтік қор құруға келісті. Бұл туралы 15 шілде күні Бразилияның Форталеза қаласында БРИКС ұйымына мүше Бразилия, Қытай, Ресей, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасы мемлекеттері басшыларының кездесуінен соң жария етілді.

Бразилия президенті Дилма Руссефтің айтуынша, жаңадан құрылатын даму банкінің бас кеңсесі Қытайдың Шанхай қаласында орналаспақ. Бастапқы капитал көлемі 50 миллиард долларды құрайтын даму банкінің тұңғыш президенті қызметін Үндістан өкілі атқарады деп келісілген.

Жаңадан құрылған екі қаржы институты Дүниежүзілік банк (ДБ) пен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) тәрізді міндеттер атқаратын болады. БРИКС елдерінде ДБ және ХВҚ қаржы ұйымдарына АҚШ пен Еуропа Одағының ықпалы басым деген пікір қалыптасқан.

БРИКС саммиті 16 шілде күні Бразилия астанасында жалғасады. Бұл жиында Оңтүстік Америкадағы бірқатар елдер басшыларының қатысуымен кеңейтілген келіссөздер өтпекші.

XS
SM
MD
LG