АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Италия, Германия, Малайзия, Жапония, БАӘ, Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстан аумағында 15 күн визасыз жүре алады. Жаңа ереже бүгін, 17 шілдеден бастап толық күшіне енді.
Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған елдердің азаматы Қазақстанға 15 күннен көп уақытқа келетін болса виза рәсімдеуі тиіс. Бұл виза туристер мен бизнесмендерге - 30 күнге, ал Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға үш жылға дейін беріледі.
Сыртқы істер министрлігі алдағы уақытта Қазақстанға визасыз кіретін елдердің тізімі көбейетінін айтады.
Қазақстан бұл қадамға инвесторлар мен шетелдік капитал тарту үшін барып отыр.